Халық үніне құлақ асу міндет. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Текелі қаласына барды. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Артынша тұрғындармен кездесті. Кенді қаланың бүгіні мен болашағына қатысты мәселелерді талқылады. Сұраныс-өтініш, ұсыныстарын тыңдады.