Бүгін жетісулық Светлана Исаева «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Білікті педагог ұрпақ тәрбиесі жолында 40 жылдан астам еңбек етіп келеді. Қазір ол Талдықорған қаласы М. Жұмабаев атындағы № 19 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Оған еліміздің білім саласына қосқан үлесі үшін берілген құрметті марапатты бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды. Айта кетейік Светлана Исаева бұған дейін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталып, «Білім беру саласының үздігі» медалінің иегері атанған.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.