Батыстағы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілетін көмектер легі жалғасуда. Ел басына түскен ауыртпалыққа Іледегі ірі кәсіпорындар да қолұшын созып отыр. Бүгін таңда құс еті мен жұмыртқасы тиелген төрт бірдей жүк көлігі Атырау облысын бетке алып жолға шықты.