Сабақтың басталуына санаулы күндер қалды. Жаңа оқу жылында өңіріміздің білім беру жүйесін цифрландыруға бағытталған бірқатар жоба іске асады. Солардың бірі – 137 мектепте жүзеге асатын “Цифрлық ұстаз” бағдарламасы. Бұл жоба аясында әлеуметтік осал топтардан шыққан оқушыларға қорытынды емтихандарға дайындалуда қолдау көрсетіледі. Шәкірттерге цифрлық оқу материалдары мен қосымша сабақтар қолжетімді болады. Өңір педагогтеріне осындай пайдалы жобаларды жүзеге асыруда қандай міндет жүктеледі. Мұны жетісулық ұстаздар тамыз кеңесінде айқындап алды. Жаңа оқу маусымына байланысты жұмыс жоспарын бекітті. “Білім берудегі цифрлық инновациялар” тақырыбында өткен жиынға өңір басшысы Бейбіт Исабаев та қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.