Бүгін “Жаңару күні” жаңғыру мерекесі. Жетісу облысында 5 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Талдықорғандағы Экологиялық шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты. Өңір басшысы зиялы қауым өкілдерімен бірге бұлақ көзін ашты. Онда ардагерлер осы бұлақты мерекенің құрметіне «Наурыз» деп атауды ұсынып, ол көпшілік тарапынан қолдау тапты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.