“Жетісу” телеарнасының бастамасымен “Ұстаз” атты жаңа көркем фильм түсіріліп жатыр. Туындының сценарийін осыдан 6 жыл бұрын Бейсен Құранбек жазған. Кинода ауыл мектебінің әл-ауқаты мен білім ордаларының ішкі проблемалары көрсетіледі. Әрі қарай жас педагогтың оқушыларымен қарым-қатынас құруы арқылы өрбиді. Дәл қазір түсірілім жұмыстары Ескелді ауданына қарасты, Ешкіөлмес елді мекеніндегі ескі мектепте өтіп жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






