Бүгін таңға жуық Талдықорған қаласының өндірістік аймағында жарылыс болды. Салдарынан цехтың 80 шаршы метрі өртеніп, 3 жұмысшы зардап шеккен. Олар дереу қалалық көпсалалы емханаға жеткізілді. Жапа шеккендердің жағдайы мен оқиғаның мән-жайын сюжеттен көрейік.