Талдықорғанда қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Оған Жетісу өңірінің әр аймағынан 150-ден аса спортшы келіп қатысты. Ұлттық өнерімізден ұйымдастырылған бәсеке Қазақстан чемпионатына іріктеу болып есептеледі.