Мемлекет басшысының Жарлығымен Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша Қанат Алдабергенұлы басқа жұмысқа ауысты. Экс-әкім аграрлы-индустриалдық аймақты жеті айға жуық басқарды. Аз уақытта 3 қала, 17 ауданнан құралған өңір экономикасының өрлеуіне, әлеуметтік ахуалының оңалуына септесті.