Таза болса табиғат – аман болар адамзат. Қонаев қаласының жастары қала тұрғындары мен қонақтарына пайдалы да жағымды жоба ұсынды. Экоплоггинг деп аталады. Яғни үлкен-кішісіне қарамай, ниет білдірушілер жүгіре жүріп қоқыс жинайды. Шеттен келген жаңа спорт түрі адамның өз сымбатын сақтай отыра қоршаған ортаға қамқорлық жасауына ықпал етеді.