Қыстың қамын жаз ойла. Талдықорған қаласында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Облыс орталығында 740-қа жуық көп қабатты үй мен әлеуметтік нысандар бар. Оларды 10 қазандық жылумен қамтамасыз ететін болады. Қазандықтардың қысқы маусымға дайындығын Жетісу облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов арнайы барып, тексерді.