Адам құқықтары жөніндегі уәкіл куәгер ретінде айғақтар беруден босатылады. Сондай-ақ, аталған тұлғаға оның қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігіне қол сұқпаушылық мәртебесі беріледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров айтты. Омбудсменге тағы қандай құқық беріледі, оған депутаттардың көзқарасы қандай? Астаналық тілшіміз Әзиза Ғазезқызы айтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.