Шілденің шіліңгір ыстығы шыдатпай тұр. Алдағы екі күнде облысымыздағы ауа температурасы ең жоғарғы көрсеткішке жетеді. Күндіз 44, ал түнде 22-24 градус. Синоптиктер тұрғындарды күн астында көп жүрмей, ыстықтан барынша қорғануға шақырып отыр. Себебі соңғы күндері аптап ыстыққа шыдамай, қан қысымы қысып жатқандар көп. Дәрігерлер де жедел жәрдемге шақырту жиілегенін айтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.