Алматы облысында 11 мектеп жаңа оқу жылына әлі дайын емес. Бұл орта білім беру комитеті өкілдері жүргізген мониторинг барысында анықталды. Олар өңірдің әр аймағындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 11 мектепті аралап, жөндеуге жауапты мердігер компанияларға бірқатар ұсыным берді. Айта кетейік, жөндеуден өтіп жатқан оқу ордаларының көбі 1970-1980 жылдардың басында салынған. Қазіргі уақытта нысандардың басым бөлігінде демонтаж және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.