Елімізде саңырауқұлақ шаруашылығы ерекше қарқынмен дамып келеді. Алматы облысында мұндай кәсіппен Қарасай ауданындағы «Каз Эко Фуд» кешені айналысады. Жылына 2 мың тоннаға дейін өсімдік өсіруге қауқарлы. Бүгінде еліміздегі барлық өңірлерге дайын өнім тасымалдап отыр. Алда серіктестік басшысы сыртқы нарықты да қамтуды жоспарлап отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.