Шілденің шіліңгір ыстығы күшіне мініп тұр. Алматы облысында таудағы мұздықтар еріп, сел жүру қаупі төнген. Қауіптің алдын алу мақсатында «Қазселгенқорғау» мекемесі мен ТЖД мамандары қауіпті аймақтарда кезекшілікті күшейтті. Бақылау шарасы Талғар ауданында да өтті. Мұнда өзен тасығаннан кейін қауіпсіздік жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.