Қапшағайда жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында пікір-сайыс турнирі өтті. Шара “Жетісу – адалдық алаңы” жобасы аясында ұйымдастырылды. Дебатқа 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Турнирді қалалық ішкі саясат бөлімі мен білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы өткізді. Сөзсайыс басталмас бұрын қатысушыларға пікір-сайыс шебері, бірнеше республикалық турнирлердің жеңімпазы Айбол Қожатаев тренинг өткізді. Тәжірибесімен бөлісіп, британдық парламент форматының халықаралық ережелерін түсіндірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.