“Әр тамшыда өмір бар”… Ақсуда су үнемдеу технологиясын енгізіп жатқан Қалбиет Самарқанның тұжырымы. Іскер, ізденімпаз,жаңашыл шаруа. Сусыз тақырды бұрғыдатып, жерасты суының көзін таптырыпты. Енді тәлімді жерге тамшылатып суғару жүйесін жүргізіп жатыр. Қант қызылшасын сеуіп, гектарынан 1000 центнерден өнім алуға ниетті. Г.Мақұлжанова көріп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.