Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Әскербекұлы мен облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, басқарма басшылары және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Онда орман шаруашылығының аумағынан шаруалардың малын жайғанға бөлінген жайылым жерлерді қайта қарау мәселелері қозғалды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.