“Ауылдық аумақтарды дамытуда мемлекет пен үкіметтік емес ұйым серіктестігі”. Дәл осы тақырыпта Алматы облысында азаматтық форум өтті. Шараны Алматы облысының әкімдігі, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, “Тамшыбұлақ”қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырды.
Мәтін: Азаматтық қоғамның дамуы үшін үкіметтік емес ұйымдардың қосатын рөлі өте маңызды. Жылына бір рет республика көлемінде өтетін форум, биыл алдымен әр өңірде бөлек ұйымдастырылуда.Ондағы мақсат облыстың әр аймағында құрылған бірлестіктердің ұсыныс-тілегін тыңдап, қазан айында өтетін жалпы жиында қорытындылап, сол тұжырым арқылы қоғамдық бірлестіктердің жұмысын жақсарту.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.