«Ауыл аманаты» – мал шаруашылығын дамытуға сеп. Өткен жылы бағдарлама аясында Жетісу облысында 342 жоба іске асырылды. Бұл әсіресе өз кәсібін бастаймын деген ауылдастарға қолайлы бағдарлама. Себебі, 2,5пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі. Жалпы еліміз бойынша бұл жоба арқылы 2029 жылы 1 миллион ауыл тұрғыны қамтылып, 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.