Су – ырысқа, еңбек – кіріске негіз. Ауыл шаруашылығын дамытуда су тапшылығы кедергі. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Су ресурстары және ирригация министрлігін сынады. Арнайы құрылғанын қаперге салды. Бірақ, жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Өткен жылы өңірлерде құрғақшылықтан зардап көп болды. Министрлік су бөлу, үнемдеу ісін жетілдірмесе, бұл проблема қайталануы мүмкін екенін ескертті. Жетісу – сулы өңір. Десе де, суармалы судан қиналып отырған ауылдар бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.