Алматы облысында Ащыбұлақ, Қазцик, Қырғызсай ауылдарында 3 спортзал салынады. Мұнымен қоса, онкологиялық скрининг жүргізу үшін жылжымалы медициналық кешендер құрылады. Оған қаражатты «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры бөліп отыр. Бүгін қор өкілдері ұлттық қайырымдылық бойынша II конференциясын өткізіп, жүзеге асырылатын жобаларын таныстырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.