Қаңтар айында Үшарал қаласында 20 пәтерлік 2 үй пайдалануға берілді. Күзде жалгерлік тағы 60 пәтерлі үй ел игілігіне ұсынылмақ. Келер жылы да бұл үрдіс жалғасын табады. Бұл жайында облыс әкімі Алакөл ауданының халықпен кездесуі барысында мәлімденді. Бейбіт Исабаев жиында жергілікті тұрғындардың толғандырған мәселесін тыңдады. Талқылап, шешімін айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.