Бүгін Талдықорғанға “Байтерек” ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы мен еншілес ұйымның басшылары келді. Қонақтарды өңір әкімі Бейбіт Исабаев қабылдады. Холдинг өкілдерінің мақсат анық. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып, өздерінің инвестициялық мүмкіндіктерін ұсынды. Агроөнеркәсіп және шағын орат бизнеске қолдау жасауға ниетті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.