“Іздегенге сұраған”… ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бір топ депутаты Жетісу облысына келді. Мақсат – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы беталысын саралау. Түйткілді тұстарды анықтау, заңдық негізде шешіміне септесу. Бүгін аймақ әкімі Бейбіт Исабаев ел қалаулыларымен арнайы кездесті. Өңір дамуы үшін өзекті 9 түрлі мәселе көтерді. Депутаттардан орталық деңгейде орындалысына ат салысуды сұрады. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар филиалдарының жетекшілері мен басқарма басшылары қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.