Ескелді ауданында соңғы үш-төрт жылда 6 емдеу мекемесі, бірнеше спорт және мәдениет нысаны бой көтерді. Мұнан бөлек мектептер күрделі жөндеуден өтіп, 20-ға жуық елді-мекен тұрғындары көгілдір отын игілігін көре бастады. Бүігін өңір басшысы Бейбіт Исабаев ауданға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап, халықпен кездесті. Облыстың дамуы туралы баяндама жасап, Ескелді ауданына қатысты өзекті мәселелерге жеке тоқталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






