Кербұлақ ауданында ауыз су, газ және жол сияқты негізгі өзекті деген үш мәселе өз шешімін тапты. Аудан орталығында су жүйесі орталықтандырылып, ауылдар көгілдір отынға кезең-кезеңімен қол жеткізуде. Ендігі назар Қоғалы өңіріне аударылып, елді-мекеннің су жүйесін жаңғыртып, әлеуметтік нысандарды жаңарту жоспары тұр. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындары алдындағы жоспарлы есептік кездесуінде айтты. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, болашақта атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






