“Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт”. Бүгін елімізде білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға арнайы құттықтау жолдады. Педагогикалық қауымға ақ тілегін Астанадан онлайн үрдісте Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқып берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.