Кадрлік тағайындау. Бүгін Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Ернат Дүйсенбекұлы 1978 жылы туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрылысшы инженер, Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын «Базис-А корпорациясында учаске шебері болып бастаған. Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында қызмет атқарды. Артынша Алматы қаласының құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармаларында түрлі қызмет сатысынан өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.