Экологияны сақтауға деген маңызды қадам. Жетісу облысының құрылғанына үш жыл толуына орай өңірде жаңа су электр станциясы пайдалануға берілді. Қора өзенінде салынған бұл ГЭС – өңірдегі жаңартылған энергия көздерінің 18-ші нысаны. Жаңа ГЭС-тің жылдық қуаты 26 МВт.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.