Шұбардан шу шықты. Кербұлақ ауданындағы елді мекен тұрғындары бүгін Президентке үндеу жолдады. Көпжылғы жер дауы көптің игілігіне шешілуіне ықпал етуін сұрайды. Бұрынғы округ әкімі қызметін асыра пайдаланыпты. Инвестиция тартады деп икемдеп, 1000 гектар жерді әкесіне әперіпті. Бірақ, ол құр желеу болып шықты. Жобаның жұрнағы да жоқ, дейді белсенді топ өкілдері. Ақорда алыс… Бүгін өкпе- талаптарын әлеуметтік желіге жүктеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.