Кыркүйек айы- ауылшаруашылығымен айналысатын қауым үшін жағымды жаңалықпен басталды. Олар енді субсидияны тек асыл тұқымды мал басын арттыруға ғана емес, азығына да алатын болды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жылдың шілде айында фермерлерге қатысты бірнеше салаға өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Соның бірі – Мал басын өсіруге кететін шығындарды субсидиялау. Шаруалардың мал азығы, жем-шөбі қорын көбейтуіне енді мемлекет жәрдемдеседі. Әзірге 4 ірі салаға қолдау бар. Ол үшін әр мекеменің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Бәрі онлайн платформада ойластырылған. «Ең басты мақсатымыз кәсіпкерлерге бұл ақпаратты жеткізіп, қолдау тетіктерінің бар екендігі жөнінде хабардар болғанын қалаймыз»-дейді ауылшаруашылығы басқармасының өкілдері.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.