“100 рет естігенше, 1 рет көр”. Мәжілісмен Ержан Бейсенбаевтың ұстанымы. Ел қалаулысы Жетісу облысындағы зауыт-фабрикаларды аралап, жұмысшылармен бетпе-бет кездесіп жүр. Ол суыт жүріп, бір күнде Талдықорғандағы,”Инфраэнерго”, “Алмаскерамикс”, “Уыз май Индастри” зауыттары мен “Айсұлу” тігін фабрикасында болды. Еңбек адамдарымен сұқбаттасып, мәжіліс деңгейінде назар аударар тұстарды тізіп алды. Бұл қатарда – жұмысшы кадрлер жетіспеушілігі бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.