Талдықорғанда жылыту маусымы 15-ші қазанда басталады. Өңір басшысы Бейбіт Исабаев облыс орталығындағы жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарын шолып шықты. Жаңартылуға тиіс барлық құбырлар тартылып, қазір шұңқырларды көму жолдарды қалпына келтіру жүріп жатыр. Шаһарды аралау барысында облыс әкімі қаладағы жол жөндеу жұмыстарының сапасына да зер салды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






