Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы өтті. Аясында бірден 10 өзекті мәселе қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары-Әлібек Жақанбаев қатысты. Басты тақырыптардың қатарында-тексеру комиссиясының жаңа төрағасын тағайындау, оған бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жүктеледі. Жоғары аудиторлық Палатаның ұсынысы бойынша және президенттік аппаратпен келісім бойынша бұл лауазымды бұдан бұлай Ардақ Тоқбергенов атқарады. Облыстық мәслихат депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.