Өңір басшысы Бейбіт Исабаев ХХ Азия ойындары мен V Пара Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған спортшыларды қабылдады. Сары құрлықтағы додаға Жетісу облысынан 23 атлет қатысты. Олар спорттың 8 түрінен өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуге барынша күш салды. Ал пара Азияспорттың 4 түрінен 11 спортшы өңір мен ел намысын қорғап келді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






