Миллионда бір кездесетін жүктілік! Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ аулының тұрғыны төртінші жүктілігінде бірден төрт ұлды дүниеге әкелді. Бұған дейін үш баланы тәрбиелеп отырған Альмира Бекеева енді жеті баланың анасы атанды. Бір жүктілікте төрт сәбидің қатар өмірге келуі – жас отбасы үшін күтпеген әрі үлкен қуаныш болған. Өңір басшылығы отбасының қуанышын еселеп, аудан орталығынан баспана кілттерін табыс етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






