Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын туристік әріптестік нығая түспек. Үрімші қаласында өткен ХХ Шыңжаң қысқы туризм өнеркәсібі сауда көрмесінде Жетісу облысының туристік мүмкіндіктері таныстырылды. Халықаралық көрме аясында ұйымдастырылған «Жетісу Road-Show Шыңжаңда» іс-шарасына өңірдің туристік сала өкілдері қатысып, Қытайлық компаниялармен байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






