Өзі сұрайын десе- тілі жоқ… Өзгелер хабарласты бізге… Талдықорғандық Ольга Борисова тумысынан мылқау әрі керең. Өзі өз болғалы баспанасы жоқ. Кезекте тұрыпты, жеттім ау дегенде заң өзгеріп, тізімнен шығып қалыпты. Құқын қорғар қауқары жоқ. Әркімнің босағасында жүр. Жәрдемақысы болымсыз. Тірлігіне жетпейді. Қайыр сұрағысы жоқ. Қара жұмыста жүр. «Көркейту» мекемесінде көше тазалаушы. Жанашырлары қайырымды адамдар қарайласса деген тілекте.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.