Отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіне ата-ананың жауапкершілігін арттыру. Жетісу облыстық Аналар кеңесі осы бағыттағы жұмыстарын жалғастырып келеді. Өңірде ұстаздар мен ата-аналардың қатысуымен түрлі кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылуда. Кезекті іс- шара Кербұлақ ауданындағы Қоғалы орта мектебінде өтті. Онда ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






