“Қорғас” шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы Жетісу әкімдігінің қарамағына өтті. Бұған дейін республикалық меншікте болып келген. 3 жылдан бері тоқтап тұрған орталық биыл 24 сәуірден бастап жұмысын қайта бастады. Кедендегі бекет толықтай жаңартылған. Қызмет көрсету жүйесін, халықаралық әуежайлардың жүйесіне сай етіп жасапты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.