Алматы облысында орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өседі. Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы мәлімдеді. Қанат Нүсіпбевтың айтуынша, еліміздегі мамандық иелерінің ішінде төмен айлық алатындардың ішінде орманшылар бар. Өңірде салаға енді келген еңбек өтілі, дипломы жоқ жас мамандардың айлығы 90 мың теңге. Ал, орташа еңбекақы көлемі 135 мың жуық. Сондықтан, шілдеден бастап олардың айлығын арттыру көзделіп отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.