Бүгін Панфилов ауданының әкімі Марат Рахымбердіұлы Малайзиядан келген ресми делегация өкілдерімен маңызды кездесу өткізді. Кездесуге Жетісу облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Серік Сәбетайұлы да қатысты. Кездесудің басты тақырыбы — AIDEC компаниясы әзірлеген «Алтынкөл индустриялық цифрлық экологиялық қаласы» (Altynkol industrial digital ecological city) жобасының тұжырымдамасын таныстыру және оны дамыту жолдарын талқылау болды.
Жоба аясында ауданымыздағы Қарақұм құмды-шөлейт аумағында заманауи индустриялық, логистикалық және тұрғын үй инфрақұрылымын қамтитын жаңа қала салу ұсынылды. Бұл ауқымды бастама өңірдің экономикалық әлеуетін еселеп, жаңа жұмыс орындарын ашуға зор серпін береді деп күтілуде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






