Бүгін аудан әкімі Марат Рахымбердіұлы Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Жаркент маңында ауқымды «Орталық Азия трансшекаралық кешенді индустриалды паркі» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
«Сычуань Дэцай Инвест» компаниясы бастаған бірқатар қытайлық өндірістік кәсіпорындар бұл бастамаға үлкен қызығушылық танытуда.
Жоба аясында төмендегідей заманауи нысандарды құру жоспарлануда:
* 🏭 Өндірістік цехтар;
* 📦 Қойма логистикасы мен салқындатылған қоймалар;
* 🛒 Трансшекаралық сауда мен көтерме сауда базалары.
Бұл маңызды жоба өңірімізде жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға, сауда-логистикалық әлеуетті арттыруға және аудан бюджетіне түсетін салық түсімдерін көбейтуге зор серпін береді.
Аудан экономикасын дамытуға бағытталған мұндай ауқымды инвестициялық жобаларға әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз!
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






