Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға айрықша басымдық берілген. Бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп, жергілікті бизнестің өркендеуіне өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да үлес қосып келеді. Соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жетісу облысында іскер әйелдердің басын қосқан форум өтіп, өңірдегі кәсіпкерлік бастамалардың нәтижесі қорытындыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






