Жеңістің 79 шы көктемі. Қазақстандық 174 майдангерге көру бұйырыпты. Тарихтың тірі шежірелері. Қатарлары сирей-сирей қалғаны осы. Өткен жылы 9 мамырда 222 болатын. Жетісу облысында төр құтайтып, аман отырғаны -4. Соның бірі Гаврил Моисеев. Ол Ақсу ауданы Қапал ауылында дүниеге келген. 1941 жылы соғыс басталған кезде қызыл армия қатарына алынып, әскери мектепке оқуға жіберілді. Майдангер 1943 жылға дейін түрлі бөлімшеде болды. Ұрыс даласында өлшеусіз ерлік көрсетті. Сондықтан батыр бабаларымызды қалалық маслихат депутаттары арнайы барып мерекемен құттықтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.