Республика күніне арналған шаралар өңірдің әр аймағында атап өтілуде. Атаулы күнге орай, Кербұлақ ауданында салтанатты жиын өтті. Аясында өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі еленді. Аудан әкімі Қанат Есболатов жетістікке жеткен 30-дан аса тұрғынға түрлі деңгейдегі марапат табыстады. Қатарында “Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы” атағын алғандар да бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.