Алматы облысында қатерлі ісіктің түрі саркомаға шалдыққан жастар саны артып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында онколог дәрігерлер мәлімдеді. Айтуларынша, Алматы аймақтық ауруханасында 100-ден астам науқас тіркелген. Жыл санап олардың көрсеткіші артып келе жатыр деп дабыл қағып отыр дәрігерлер. Сондықтан ауруды алдын ала анықтау үшін 1 ай бойы ашық есік күні өтпек. Онда мамандар тегін қабылдау өткізеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.