Талдықорғанда цифрландыру саласын дамытуға және IT-мамандарын даярлайтын «Jetisu Digital» өңірлік IT-HUB технология паркі құрылды. Бұл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Астана Хаб» және Жетісу облысы әкімдігімен бірлесе атқарылған жоба. Ашылу салтанатына ҚР ақпарат және қоғамдық даму министірі Дархан Қыдырәлі келіп қатысты. Сондай-ақ министр, шАһрдағы бір қатар нысандарды аралады. Артынша Жетісу жұртшылығымен кездесті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.